Ресей Украинаның шығысындағы Донецк және Луганск облысы кіретін Донбасс аймағын "келіссөзбен, болмаса қарудың күшімен" толық алғысы келеді. Бірақ бұған Украина қарсы.
Қазақстан президенті Украинадағы соғыс туралы тағы да мәлімдеме жасады. Зейнетақы қорындағы артық ақшаны алу тағы қиындай түсті. Темірлан Анарбеков танымал спорт рейтингінде Килиан Мбаппенің алдына шықты.
Украина президенті бейбіт келісімдегі даулы тұстарды Украина халқы шешуі керек дейді. Украинада енді референдум өте ме? Бір күннен соң Парижде бейбіт келісімді талқылау өтеді.
Ресей жалға алып отырған Байқоңыр ғарыш айлағының ракета ұшыратын алаңы бүлініп, космодром істен шықты. Жерден Халықаралық ғарыш станциясына адам мен ауыр жүктерді жеткізетін Байқоңыр айлағын жөндеуге алты айдан екі жылға дейін уақыт кетуі мүмкін.
"Талибан" қозғалысы (АҚШ пен Еуропа одағы террорлық ұйым деп таныған) "Томас Шелби тобы" деп аталған – "Peaky Blinders" сериалы кейіпкерлеріне ұқсап киінген ауған жігіттерін ұстады. Билік олардың әрекеті "ислам құндылықтары мен ауған мәдениетіне сай келмейді" деп есептейді
Дамуы ерекше жасөспірім қызды бірге туған екі ағасы көп жыл бойы зорлап келген. Арбаға таңылған әйелге жолда таксист тиіскен. Жүйкесінде кінәрат бар науқастарға арналған емханада жатқан екі әйелді мекеме қызметкерлері айлап зорлаған.
Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі Epetition платформасында 17 қарашада жарияланған "Біз ЛГБТИК+ адамдарды шектейтін заңдарға қарсымыз" атты петицияны қабылдамайтынын мәлімдеді. ЛГБТ қауымының құқықтарын көтеріп жүрген ұйымдар министрліктің ұстанымын сынға алды.
Тағы